Жыл сайын 10 қазанда Психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдаумен психикалық денсаулық проблемалары туралы қоғамды ақпараттандыру және психикалық денсаулықты нығайтуды қолдауға күш - жігерді жұмылдыру мақсатында өткізіледі.
Психикалық денсаулық күні аясында 10.10.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының психологі М.А.Шамшиева Теңіз университеті студенттері арасында «Тәні саудың - жаны сау» тақырыбында дөңгелек ұстел өткізді. Доңгелек үстел барысында студенттердің назарын ішімдіктің және құрамында никотин бар заттарды қолдану ағзаның барлық тіршілік қызметтерінің бұзылуына және созылмалы ауруларға әкеп соқтыратынына ерекше назар аударды. Сонымен бірге тек салауатты өмір салтын ұстапқана, зиянды әдеттерден бас тарту (ішімдік, темекі, наша) жақсы оқу мен болашақта жұмыс істеуге мықты денсаулық кепілдік бере алатынын түсіндіріп өтті.