Жыл сайын 24 наурыз күні әлемде Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні аталып өтеді. Осыған орай жыл сайын республикамызда 24 ақпан - 24 наурыз аралығында туберкулездің алдын алуға арналған айлық өтеді.
Шара аясында 2020 жылғы 13 наурыз күні №2 Ақтау қалалық емханасында туберкулездің алдын алу бойынша Ашық есік күні болып өтті. Онда фтизиатр-дәрігер А.Ж.Тулемисова және балалар фтизиатры Г.И.Тумашева халыққа кеңес беріп, сауалнама жүргізді, сонымен бірге туберкулездің алдын алу және профилактикалық тексерулерден уақытылы өту маңыздылығын түсіндірді.