Бронх демікпесі - ентігу түрінде білінетін тыныс алу жолдарының созылмалы қабынып ауруы, жөтел жиі және ұзақ болған жағдайда адам тұншығуы мүмкін.
Бұл біздің тыныс алу жолдарымыздың қандай да бір тітіркендірушіге қатты сезімталдығынан болады. Олар тітіркенгеннен тарылатындықтан, адам демалған кезде тұншыға бастайды. Бронх демікпесі адамдарда кез келген жаста пайда болып, көбінесе балалық шақтан басталады да, бүл адамдардың жартысы есейе келе ол аурудан айығып кетеді. Қазір шамамен есептегенде Жердегі 300-ден 500 миллионға дейін адам осы аурудан зардап шегеді және бұл ауру күн санап өсіп келе жатыр.
2018 жылғы 11 мамырда №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Г.Т.Башенова №12 орта мектеп оқушыларына "Демікпенің алдын алу үшін нені білу қажет?" тақырыбында сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға бронх демікпесі пайда болуына ықпал ететін факторлар мен бронх демікпесін алдын алу шаралары туралы айтылды.