2018 жылғы 8 қыркүйек күні Ақтау қаласы 15 шағын аудандағы теңіз жағалауында "Денсаулыққа қажетті сандарға қол жеткіз!" ұранымен қен көлемді "Денсаулық фестивалі - 2018" өтті.
Фестивальдің мақсаты - тұрғындардың назарын салауатты өмір салтын ұстануға аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау.Фестиваль барысында №2 Ақтау қалалық емханасының медицина қызметкерлері таңғы жаттығуға белсенді қатысты және профилактикалық тексерулер жүргізді, оның ішінде: тұрғындардың бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы өлшеніп, қан құрамдағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалды.