Денсаулық мектептерінде кезекті дәріс - сабақтар жалғасуда. Бүгін №2 Ақтау қалалық емханасының эндокринолог - дәрігерлері Мусаева А.Б., Мадинова Ж.У.
«Қант диабеті» денсаулық мектебінде қант диабетімен ауыратың емделушілерге «Қант диабетінің асқынулары» тақырыбында дәріс жүргізді.
Кардиолог - дәрігер Ипбергенова Г.Д, «Жүректің ишемиялық ауруы мектебінде» «Атеросклероздың алдын алуы» тақырыбында дәріс сабақ өткізді.
Кардиолог - дәрігер Балтаева А.Ш. «Артериалды гипертония мектебінде» емделушілермен «Артериалды гипертонияның алдын алуы» тақырыбы бойынша дәріс жүргізді.