ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОФИЛЬДІ МАМАНДАРДЫҢ КЕҢЕСТЕРІН ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДАН БАСҚА ЖЕРДЕ АЛУҒА БОЛА МА?
Емхананы еркін таңдау құқығын бірнеше жағдайда ғана пайдалануға болады:
егер бекітілген жері бойынша емханада қажетті маман болмаса немесе оған жазылу мүмкін емес, ал кезекті күту ұзақ уақытқа созылатын жағдайда (10 күннен артық).
егер пациент өзінің ауруы туралы белгілі бір дәрігерге қаралуға дағдыланған болса немесе жақын адамдары ұсынған клиникаға жолдама беруді талап етсе.
Еркін таңдау бойынша диагностикалық қызметтерді немесе профильді маманның кеңесін қалай алуға болады?
пациент өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді
басқа емханаға жолдама алады
сол жерге дәрігердің қабылдауына жазылады
дәрігер қабылдауында болады немесе тексеруден өтеді.