Республикамызда 2018 жылғы 18 - 28 қараша аралығында Дүниежүзілік өкпенің созылмалы обструктивті ауруына қарсы күрес күніне арналған "Еркін дем ал!" ұранымен онкүндік өтуде. Шараның мақсаты-азаматтардың денсаулығын сақтау, сондай - ақ салауатты өмір салтын насихаттау.
Онкүндік аясында 19 қарашада №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Онда емхана психологтары темекіге қарсы кабинетте "Темекі шегудің зияны" тақырыбында тренинг жүргізіп, адамдарға темекіні тастау жөнінде қажетті кеңестер берді.
Жасөспірімдер дәрігері Ж.Қ.Тілепберген №23 орта мектеп оқушыларына ал жалпы тәжірибе дәрігері Г.Ж.Қосжанова №12 орта мектеп оқушыларына "Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу" тақырыбында дәріс сабағын өткізді.
Емхана психологі М.Шамшиева Қазақстан теңіз университеті студенттері арасында "Темекі шегу - өзіне зиян келтіру" атты семинар - тренинг өткізді.