Ұлы Жеңіс күні қарсаңында №2 Ақтау қалалық емханасы әкімшілігі директордың ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева тұлғасында және жалпы тәжірибе дәрігері С.А.Лушникова Ұлы Отан соғысының ардагері Василий Иванович Салазкинның үйіне кіріп шықты.
Медицина қызметкерлері ардагерді келе жатқан мерекемен құттықтап, Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан аямай соғысқаны үшін мың алғыстарын білдіріп, гүл мен сыйлықтар табыс етті. Өз кезеңінде ардагер №2 Ақтау қалалық емханасының ұжымына көңіл бөліп келгендері үшін алғысын білдірді.