2018 жылдың 28 сәуірінде №2 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімшесінде "Вакциналар Сізді және айналаңыздағы адамдарды күрделі аурулардан қорғау үшін жұмыс жасайды" ұранымен Еуропалық апталық шеңберінде Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Түрлі шарлармен безендірілген бөлімшеде көңілді аниматорлар бүлдіршіндермен ойын ойнап, би билеп, сыйлықтар табыстап, оларға көтеріңкі көңіл - күй сыйлады.
Ата - аналармен Басқұдық селолық округі мешітінің бас имамы Үсенов Ғабит Әбдіғаппарұлының қатысуымен екпенің пайдасы және қажеттілігі жөнінде дөнгелек үстел өтті. Өйткені, әрбір адам екпе арқылы жұқпалы аурулардан қорғалуға тиіс.