2018 жылғы 29 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының ұжымы Инсультке қарсы күрес күніне орай Ашық есік күнін өткізді.
Шараның мақсаты - халыққа қауіп факторлары және инсульттің негізгі белгілер туралы көбірек ақпарат беру.
Емхана холында медицина қызметкерлері артериалдық қан қысымын өлшеп, тұрғындарға инсульттің алдын алу бойынша кенестер берді.
Дәрігерге дейінгі қаралу кабинетте қан құрамындағы қант пен холестерин денгейін анықтайтын талдаулар жасалды.
Акция шеңберінде темекіге қарсы кабинетте емхана психологы Б.Иманалиева инсультің, шылым шегудің, маскүнемдіктің алдын алу бойынша кеңес берді.
№2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.Г.Тастайбекова №21 орта мектеп оқушыларына "Дұрыс тамақтану. Балалар семіздігі. Инсульттің қауіп факторлары" тақырыбында дәріс сабақ өткізді.