Жыл сайын 14 қараша әлемде дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні аталып өтеді.
Атаулы күнге орай 2018 жылғы 14 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Қант диабеті - бақылауда" ұранымен бір қатар шаралар ұйымдастырылды.
Балалар эндокринолог - дәрігері С.Б.Уразалина осы дертпен ауыратын балалар ата-аналарына "Қант диабеті туралы не білуіміз керек?" тақырыбында сабақ өткізді.
Ересектер эндокринолог - дәрігері Р.М.Мендикулова емхана пациентері арасында "Қант диабеттің алдын алу" тақырыбында кеңес өткізді. Онда ол қант диабеті ауруының негізгі белгілерін айтып, алдын алу жолдарын түсіндіріп өтті.
Жалпы тәжірибе дәригері Н.Н.Райымбердиева №16 орта мектеп оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану - қант диабетің алдын алудың негізі" тақырыбында денсаулық сабағын өткізді.