2019 жылғы 5 ақпан күні №2 Ақтау қалалық емханасында Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күніне орайластырылған қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті.
Шара аясында емделушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалып, толық скринингтік бағдарлама жүргізілді. Онколог - дәрігер тұрғындарға кеңес беріп, ультрадыбыстық зерттеу мен рентгенологиялық зерттеу (маммография) жүргізілді. Мінез - құлық қауіп - қатер факторлары мектебінде "Зиянды әдеттерге - жол жоқ!" тақырыбында сабақ өтті.