Қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні. 4 ақпанда Дүниежүзілік өбырға қарсы күрес күні аталып өтеді. Осы шараның басты мақсаты - қатерлі ісік туралы халықтың ақпараттандыруын арттыру, қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау және алдын алу.
Осыған орай, 2018 жылғы 3 ақпанда №2 Ақтау қалалық емханасында қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті. Шара аясында емделушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін аңықтайтын талдаулар жасалып, толық скринингтік бағдарлама жүргізілді. Сонымен бірге шара барысында емделушілер онкоцитологияға талдау тапсырып, сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу және сүт бездеріне рентгенологиялық зерттеу (маммография) жүргізілді. Мінез - құлық қауіп-қатер факторлары мектебінде "Күйзелістің алдын алу" тақырыбында сабақ өтті.