2019 жылдың 1 - 10 қыркүйек аралығында жол - көлік оқиғасының алдын алу бойынша онкүндік өтуде. Аталмыш шара аясында №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.А.Мадинаева қыркүйек айының 2 күні «Өркен» бала - бақшасының №6 ортаңғы топ бүлдіршіндерімен кездесіп, қауіпсіздік сабағын өткізді. Сабақ барысында А.А.Мадинаева жолда жүру ережелерін түсіндіріп, жолда абай болуға шақырды.