Қордың fms.kz сайтында «Пациент үшін» деген бөлімде «Емхананы таңдау» деген кіші бөлімде ТМККК және МӘМС медициналық көмек көрсетушілерінің тізбесі келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/kontaktnaya-informatsia/vybrat-kliniku/.
Тізімдерде Сіз өзіңіздің тұратын облысыңызды немесе аймағыңызды, содан кейін медициналық көмек түрін таңдауыңыз керек. Сондай - ақ, мұнда ЭКҰ, медициналық оңалту қызметтеріне өнім берушілердің тізбелері, мезгіл-мезгіл жаңартылып отыратын бірлескен орындаушылардың тізбелері жарияланады.
Консультациялық - диагностикалық қызметтерге өнім берушілердің тізбесі - стоматология, рентгенография, ПТР - тестілеу, КТ және МРТ келесі сілтеме бойынша орналастырылған: https://fms.kz/zakupki/postavshchiki-kdu-uslug/.