Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесе отырып, салауатты өмір салтын насихаттау, өз денсаулығын сауатты басқару дағдыларын салыптастыру мақсатында 2018 жылғы 23 қараша күні "Ақтау" ойын - сауық орталығында қала тұрғындары үшін кең ауқымды акция ұйымдастырды.
Шараға №2 Ақтау қалалық емханасының медицина қызметкерлері қатысып, адамдардың бойы мен салмағын, артериалды қан қысымын өлшеп, қан құрамындағы қант пен холестериннің деңгейін анықтайтын талдаулар жасады.