Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау саласын цифрлы жаңғырту белсенді жүріп жатыр. Денсаулық сақтау саласын цифрлаудың мақсаты медицина қызметкерлерінің жұмысын электронды форматқа көшіру. Осыған байланысты №2 Ақтау қалалық емханасында медициналық құжаттарды электронды форматта жүргізуін енгізу бойынша жұмыстар жалғасын табуда.
2018 жылы 4 сәуірде №2 Ақтау қалалық емханасы мәжіліс залында оператор Гүлмаржан Темірова медицина қызметкерлеріне арналған "Кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойынша қосымша оқыту" тақырыбында семинар өткізді.