№2 Ақтау қалалық емханасында коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында санитарлық - дезинфекциялық тәртіп күшейтілді: есік, тұтқаларды және т.б. ашық жерлерді тазалап дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде, ересектер және балалар бөлімшесіндегі кіреберісте қолға арналған антисептиктер орнатылды, емхана холлында коронавирусты инфекцияның алдын алу ережелері туралы ақпарат бар стенд орналастырылды.