2018 жылғы 20 наурызда №2 Ақтау қалалық емханасының ұжымы Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мейрамын ұйымшылдықпен атап өтті.
Салтанатты шараны емхана директоры Төлегенов Бектібай Жаңабергенұлы құттықтау сөзімен ашып, емхананың үздік қызметкерлері мен мерейтой иелеріне. Құрмет грамотасын табыс етті. Содан кейін қызметкерлердің орындауында қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері дәріптеліп, қыз ұзату, бесікке салу театрландырылған көрсетілімдері көпшіліктің назарына ұсынылды.
Салтанатты шара соңында жұртшылық қазақтың ұлттық тағамдарына толы дастарханнан ауыз тиді. Мерекелік дастарханмен, ұлттық дәстүрмен және ән-бимен өрнектелген Наурыз мейрамы емхана ұжымы үшін есте қаларлықтай болып өтті.