Мүмкіндіктерішектеулі тұлғаларға инфрақұрылымдарды қолжетімді ету мақсатында, көру, есту, қимыл - тірек аппараты бұзылыстары бар тұлғаларға №2 Ақтау қалалық емханасы толықтай бейімделген. Медициналық қызмет көрсету аумағына кіруге қолайлы жағдайлар жасалған, оның ішінде: - кіреберіс пен кіру алаңы сырғанауға қарсы жабынмен жабылған; - пандустар, тұтқалар, айқарма есіктер барынша мемлекеттік нормативтерге сәйкес келтірілген; - демалу және күту орындарында жұмсақ кушеткалар орналасқан;
- қолжетімділік тақтайшасы орналасқан;
- Брайль әріптерімен жазылған тактилді мнемосхема түр;
- нашар еститіндерге ақпараттық жүйе қарастырылған;
- емхана сыртында медицина қызметкерлерін шақыру тетігі орналасқан;
- санитарлық тораптарда таяқ пен балдақтарға арналған ілмектер қарастырылған;
- емхана алдындағы автотұрақта арнайы орын берілген
- мамандар қабылдауы, кеңесі, талдауларды алу, тексерулер:ЭКГ, флюорография, рентенография, маммография, УДЗ және т.б. 1 қабатта жүргізіледі.