Бүгінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тіркелген жері бойынша емханада тегін дәрі-дәрмектерді 55 түрлі дертпен ауыратын пациенттер ала алады. Негізгі шарт – науқас дерті бойынша есепте болуы керек.
Мұндай пациенттер үшін 374 дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар қарастырылған. Бұдан басқа, МӘМС сақтандырылушылары үшін 69 ауру бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тағы 253 атауы бар.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 5
тамыздағы № 75 бұйрығымен бекітілген нозологиялар мен қолжетімді дәрілер тізбесімен adilet.zan.kz сайттан танысуға болады.
Дәрі-дәрмекті алу үшін пациент өзінің учаскелік дәрігеріне/ЖПД-ға жүгінуі керек. Ол науқастың жағдайын бағалайды және қажет болған жағдайда дәрі-дәрмектерді алуға рецепт жазады. Рецептпен және жеке басын куәландыратын құжатпен емхананың дәріханасына хабарласу қажет.