Медицина қызметкерлерінің күні дәстүрлі түрде маусым айының үшінші жексембісінде аталып өтеді. Осыған орай, мереке қарсаңында 14 маусым күні №2 Ақтау қалалық емханасында салтанатты шара болып өтті.
Емхана басшылығы барлық қызметкерлерді төл мерекесімен құттықтап, үздік қызметкерлерге "Н.И.Пирогов" атындағы төс белгісімен, "Авиценна" атындағы төс белгісімен, "Гиппократ" атындағы төс белгісімен, "Еңбек ардагері" атындағы төс белгісімен марапаттап, дипломдармен және мерейтой иелеріне естелік сыйлықтарды табыс етті.