Бүгін, 29 қаңтарда №2 Ақтау қалалық емханасының конференц - залында мекеме медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған "Медицина мен сыбайлас жемқорлық үйлесімсіз" атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар қозғалған мәселеге қатысты өз ойларын ортаға салып, жан-жақты талқылады. Аталмыш шараны №2 Ақтау қалалық емханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Нурллина және директордың ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Н.Нурллина және директордың ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К. Жакешева өткізді. Балалар бөлімшесінде семинарды директордың балалар бойынша орынбасары Ж.К.Шаңытбаева өткізді.