9 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Медицина және жемқорлық сай келмейді" тақырыбында семинар - тренинг өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменттің сыбайлас жемқорлықтын алдын алу басқармасының басшысы Н.Айтжанов, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы А.А.Шамшиев, "Риза Ана" қоғамдық қор үйлестірушісі А.Байбатырова қатысып, мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі басым - бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл заңнамасының талаптары туралы айтып берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату мәселесін талқылады.