2019 жылғы 30 қаңтарда "Ақтау" сауда - ойын сауық орталығында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрменкесі өтті. Шара барысында мемлекеттік басқармалардың мамандары тұрғындарға электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіріп, тиісты кеңестер берді.
№2 Ақтау қалалық емханасы директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева тұрғындарға денсаулық сақтау саласында электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша ақпараттық - әдістемелік кеңестер берді.