Медицина саласының цифрландырылуына байланысты медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. БМСК деңгейіндегі цифрландырылу бағыттарының бірі - электронды тіркеу орнын құру. Осыған байланысты, № 2 Ақтау қалалық емханасының тіркеу орны мен анықтама қызметі телефондары бірыңғай СALL - орталыққа біріктірілді.
СALL - орталық - емделушілерден келіп түсетін қоңырауларды кәсіби өңдеуге арналған аппаратық - ақпараттық құралдардың, ақпараттық және операторлық ресурстардың жиынтығы болып табылады.
Сіз СALL - орталыққа хабарласып, келесі қызмет түрлерін: - қажетті ақпарат;
- дәрігерді үйге шақырту;
- дәрігердің қабылдауына жазылу;
- дәрігердің, флюорокабинеттің, зертхананың және т.б. емхана қызметтерінің жұмыс кестесін;
- медициналық кеңес ала аласыз.
Балалар бөлімшесінің тіркеу орны мен анықтама қызметінің телефоны 8(7292) 290 - 303
Ересектер бөлімшесінің тіркеу орны мен анықтама қызметінің телефоны 8(7292) 290 - 404
Құрметпен, № 2 Ақтау қалалық емханасы басшылығы.