№2 АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫ "ГРИППОЛ ПЛЮС" ЕКПЕСІН ЕГІП БАСТАДЫ.
Гриппол плюс (полимер - суббірлікті белсенділігі жойылған үш валентті тұмау вакцинасы).
Қолданылуы: 6 айдан бастап балаларда, жасөспірімдерде және жас шамасы шектеусіз ересектерде тұмаудың спецификалық профилактикасы.
Егуге жатқызылатын контингенттер. Вакцина әсіресе мыналарға көрсетілген:
Тұмаумен ауырған жағдайда асқынулар қаупі жоғары тұлғаларда:
60 жастан асқандарға; мектеп жасына дейінгі балаларға, оқушыларға;
ЖРА - мен жиі ауыратын, созылмалы соматикалық аурулары бар, соның ішінде: орталық жүйке, жүрек-қантамыр және бронх - өкпе жүйелерінің аурулары мен дамуының ақаулары, бронх демікпесі, бүйректің созылмалы аурулары, қант диабеті, зат алмасу аурулары, аутоиммундық аурулар, аллергиялық аурулар (тауық жұмыртқасының ақуызына аллергиядан басқа); созылмалы анемиясы, туа біткен немесе жүре пайда болған иммунитет тапшылығы, АИВ - пен жұқпаланған ересектер мен балаларға;
Мамандығына байланысты тұмаумен ауыру немесе оны басқаларға жұқтыру қаупі жоғары тұлғаларға:
медицина қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне, әлеуметтік қызмет көрсету салаларына, көлік, сауда, милиция, әскери қызметкерлер және т.б.
Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар:
- Тауық жұмыртқасының ақуызына және вакцина компоненттеріне аллергиялық реакция.
- Жедел қызба жағдайлары немесе созылмалы аурудың өршуі (вакцинацияны сауыққанннан кейін немесе ремиссия кезеңінде жүргізеді).
- Бұрын тұмау вакциналарын енгізуге аллергиялық реакциялары болған адамдар
- Ауыр емес ЖРВЖ, ішектің жедел ауруларында вакцинацияны температура қалпына түскеннен кейін жүргізеді.
- 6 айға дейінгі балалар;
- жүктіліктің бірінші триместрі.