№2 Ақтау қалалық емханасының мәжіліс залында Маңғыстау Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Б.А.Дүйсенбаеваның қатысуымен алқа мәжілісі өтті. Жиында емхана директоры
Жарас Мусагалиевич салада атқарылған жұмыстарды баяндады.
Аталған емхана 11, 21, 24, 26, 27, 28,
28А ш/а тұрғындарын және әскери бөлімдерді медициналық қызметпен қамтамасыз етеді.
Емханада:
-әкімшілік - шаруашылық бөлімі;
-4 Отбасы денсаулық орталығы;
-хирургия бөлімшесі;
-жалпы мамандандырылған бөлімшесі;
-профилактикалық бөлім;
-сәулелік терапия және зертхана бөлімі;
-статистикалық кабинет;
-психолог кабинеті;
-бала денсаулығы кабинеті;
-жұқпалы аурулар кабинеті;
-химизаторлар кабинеті;
-стерилизациялық кабинет;
-4 санаттағы жедел медицин. жәрдем бөлімі;
-туберкулезға қарсы бөлімше;
-психиатриялық орталық;
-профилактикалық бөлімше;
-жастар орталығы;
-отбасын жоспарлау кабинеті;
-күндізгі стационар бөлімі;
-пациенттерді қолдау және ішкі аудит бөлімі жұмыс істейді.
Емхананың материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында
2020 жылы Рентгенаппарат, Цифрлы Флюроаппарат, Стоматологиялық қондырғы алынды.
2022 жылы заманауи цифрлық маммография аппараты алынды.
Айта кетейік, емханаға 2021 жылы
75 545 адам, 2022 жылы 61 893 адам тіркелген.
Жиында Басқарма орынбасары Б.А.Дүйсенбаева емхананың бас дәрігеріне және бөлім меңгерушілеріне бірнеше міндет жүктеді.
Дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлерін үнемі оқыту және олардың біліктілігін арттыру. Дәрігерлерді жұмысқа тарту, тұрғын үймен қамтамасыз етуге жағдай жасау. Халықпен ашық диалог орнату. Тұрғындар денсаулығын әрдайым басты назарда ұстау секілді тапсырмалар жүктеді.
Мекеме қызметкерлері көкейлерінде жүрген сауалдарды басқарма басшысына қойып, тиісті жауаптарын алды. Алқа мәжілісі өз деңгейінде аяқталды.