7.02.2020ж. №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясына арналған семинар өткізілді. Эпидемиолог Р.Кульманова семинар барысында жаңа коронавирустың патогенезің, клиникалық көрінісін және оның алдын алу шараларын түсіндірді.Сонымен бірге коронавирустық инфекцияға күдік болған жағдайда медицина қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмі пысықталды.