Ақтау қаласы білім бөлімінің "Оқушы Орталығы" КММ - де және аула клубтарында 6586 бала түрлі үйірмелерге тегін қатысады, олардың ішінде 500 - ге жуық бала әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жатады.
25 желтоқсан күні "Оқушы Орталығында" балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ана мен баланы қорғау бойынша кешенді шараларды іске жүргізу мақсатында, №2 Ақтау қалалық емханасының өкілдері мерекеге қатысып, тілектерін жеткізіп, емхана атынан 30 балаға жаңа жылдық сыйлықтар тарту етті.