2018 жылы 30 - ші наурызда №2 Ақтау қалалық емханасының мәжіліс залында "Иммунопрофилактиканы жүргізу үшін медицина қызметкерлерін дайындықтан өткізу бағдарламасы" тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.
Семинар барысында вакцинациямен басқарылатын инфекциялар бойынша өнеріміздегі эпидемиялогиялық ахуал, қауіпсіз иммундауды ұйымдастыру қағидаттары қаралып, талқыланды. Семинарды №2 Ақтау қалалық емханасы директорының балалар бойынша орынбасары Ж.К.Шанытбаева, және №4 жалпы тәжірибе дәрігерлері бөлімшесінің меңгерушісі И.Б. Кожакова жүргізді.