07.10.2020ж. №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлері арасында ЖРВИ мен коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша оқыту семинары өтті. Семинар барысында емхананың эпидемиолог дәрігері Р.М.Кульманова «Жіті респираторлы вирустық инфекция мен коронавирусты инфекцияға күдікті науқастарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру және олардың алдын алу» баяндамасын жасап, емханада жүргізілетін алдын алу шаралар жоспарымен таныстырып өтті.