2018 жылғы 26-30 наурыз аралығында №2 Ақтау қалалық емханасында, БМСК дәрігерлерін оқыту және білімдерін арттыру мақсатында, "БМСК деңгейінде қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтау алгоритмі" тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған бес күндік оқыту семинары өтуде.'
Семинарды онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институтының онкология кафедрасы меңгерушісі Балтабеков Нұрлан Тұрсынұлы жүргізеді.