№2 Ақтау қалалық емхана дәрігерлері мен "Маңғыстау облысы салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығы" медициналық мекемесі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 31 ықшам ауданы "Сары базар"орталығында медициналық шара өткізілді.
Шара барысында тұрғындардың қан қысымы, бойы, салмағы өлшеніп тегін медициналық көмек берілді. Және де Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілді.