Дүниежүзілік созылмалы обструктивті өкпе ауруларына қарсы күрес күніне орайластырылған онкүндік аясында 2019 жылғы 27 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
Шараның мақсаты - созылмалы обструктивті өкпе аурулары туралы мәліметтерді кеңінен таратып, аурудың алдын алу, темекінің адам ағзасына зиянды әсері туралы қоғамды ақпараттандыру. Психолог Б.Иманалиева емхана келушілеріне кеңес беріп, салауатты өмір салтын насихаттап, қауіп - қатер деңгейін анықтайтын сауалнама жүргізді.