2019 жылғы 11 қараша күні №2 Ақтау қалалық емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлықпен медицина үйлесімсіз!» тақырыбында семинар өтті.
Семинарды Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің бас маманы Мұқатай Нүргүл Тұрлыбайқызы жүргізді. Шараның мақсаты - медицина қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығы мен азаматтық сана - сезімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру. Шара барысында бейнефильмдер мен слайдтар көрсетіліп, келесі өзекті мәселелер түсіндірілді: сыбайлас жемқорлық туралы түсінік, сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жауапкершілік, медициналық мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.
Соңында Мұқатай Нүргүл Тұрлыбайқызы қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.