Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде 12.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
Аталмыш шараның басты міндеті - туберкулез жөнінде халықтың ақпараттылығын арттыру, аурудың алғашкы белгілері байқалған кезде медициналық көмекке уақытылы жүгіну қажеттілігін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында фтизиатр - дәрігер А.Ж.Тулемисова емхананың емделушілері мен келушілеріне туберкулездің алғашқы белгілері, аурудың алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Барлық қатысушыларға ақпараттық буклеттер мен брошюралар таратылды, сондай-ақ туберкулездің алғашқы белгілері жөнінде сауалнама жүргізілді.