2018 жылғы 15 мамыр күні №2 Ақтау қалалық емханасының конференц - залында "Туберкулездің ерекше профилактикасы (БЦЖ, Манту, Диаскин - тест)" тақырыбында оқыту семинары өтті.
Семинарды облыстық туберкулезге қарсы диспансердің физио - педиатры Заркулова Қ.С. және Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтауды қорғау басқармасының жетекші маманы Таужанова Ж.Ж өткізді.