Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының 11.05.2023 жылғы №-136 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №-945 қауылысымен бекітілген ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру мақсатында және ҚР ДСМ 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № - 842 бұйрығына сәйкес, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы ДСҰ демонстрациялық флатформасының және Жамбыл облысының бастапқы медициналық санитариялық ұйымдарында (БМСК бойынша үздік тәжірибелер орталықтарының нәтижесімен бөлісу мақсатында ШЖҚ МКК “Ақтау қалалық №-2 емханасы” базасында 2023 жылдың 11 қазаны күні “Үздік тәжірибе орталықтарының жұмыстарын насихаттау”жүргізілді.
Тәжірибе алмасуға БМСК МҰ басшылары және бір қатар мүдделі мамандар қатысты.Өзекті тақырыпта презентация көрсетіліп, емхананың тәжірибелі мамандары баяндама жасады. Жиын соңы, қатысушылар пікір алмасып, іс-шараны қортындылады.