2019 жылғы 22 - 26 сәуір аралығында №2 Ақтау қалалық емханасы базасында "Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балаларға патронаждық қызметтің универсалды - прогрессивті моделі" тақырыбында педиатр - дәрігерлері мен мейірбикелерге арналған 5 - күндік семинар - тренинг өтуде. Семинар - тренингтің мақсаты - ДДҰ мен ЮНИСЕФ - тің дайындаған бағдарламасы бойынша патронаж қызметтің жаңа рөлі мен жаңа міндеттерін педиатр - дәрігерлеріне мен мейірбикелерге түсіндіріп, үйрету. Апталық оқуды ерте жастағы бала дамуы бойынша үйлестіруші С.М.Ермұқанова өткізуде.