2018 жылдың 27 қантарында №2 Ақтау қалалық емханасында жатыр мойны қатерлі ісігін ерте кезеңінде анықтауға арналған Ашық есік күні өткізілді.
Шара аясында емделушілердің бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы, көзішілік қысымы өлшеніп, қан құрамындағы қант пен холестерин деңгейін анықтайтын талдаулар жасалып, скринингтік бағдарлама жүргізілді.
Аталмыш шара барысында емделушілер онкоцитологияға талдау тапсырып, гинеколог дәрігері Ж.Е Жоламановадан жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу бойынша кеңес алды.
Онколог Б.Д Раманкулов емделушілерге кеңес беріп, сүт бездеріне ультрадыбыстық зерттеу және сүт бездеріне рентгенологиялық зерттеу ( маммогарфия) жүргізді.
Емхана психологы Г. Туребаева мінез - құлық қауіп-қатер факторлары мектебінде "Семіздіктің алдын алу және дұрыс тамақтану" тақырыбында сабақ өткізді.