Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2018 жылғы 29 қантар күні №2 Ақтау қалалық емханасында " Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты" атты бірыңғай сағат өтті. Емхана директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
А.К.Жакешева және директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Нурллина емделушілермен сұхбаттасты. Өз кезеңінде емделушілер қоғамдағы дертке байланысты ойларымен, пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.