2018 жылғы 1 қазан мен 1 қараша аралығында облысымызда ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға бағытталған айлық өткізілуде. Айлықты өткізудің басты мақсаты - жеке және қоғамдық қорғану шаралары мен аурудың асқынуына жол бермеу үшін медициналық жәрдемге дер кезінде жүгіну қажеттілігі жөнінде халықтың ақпараттылығын көтеру.
Айлық шеңберінде 2018 жылдың 25 қазанында №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Д.М.Буликбаева №29 орта мектеп оқушыларымен кездесіп, оларға тұмау және басқа да жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын алуы туралы әңгімелеп берді.
2018 жылы 26 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері У.Ш.Бекмухамедова экономикалық лицей оқушылырына "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу" тақырыбында лекция оқыды.
2018 жылы 29 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының эпидемиолог - дәрігері Р.М.Кульманова медицина қызметкерлері арасында "ЖРВИ мен тұмауды алдын алу шаралары" тақырыбында оқыту семинары жүргізді.