Жаңалықтар

Дүниежүзілік жүрек күніне орайластырылған «Бір әлем, бір үй, бір жүрек» Ұлттық бағдарлама шеңберінде №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері К.И.Ахметова «Болашақ» колледжі студентері арасында «Инсульттің алдын алу» тақырыбында лекция жүргізді.

2019 жылдың 1-10 қыркүйек аралығында жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша онкүндік өтуде. Аталмыш шара аясында №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері А.А.Мадинаева қыркүйек айының 2 күні «Өркен» бала-бақшасының №6 ортаңғы топ бүлдіршіндерімен кездесіп, қауіпсіздік сабағын өткізді. Сабақ барысында А.А.Мадинаева жолда жүру ережелерін түсіндіріп, жолда абай болуға шақырды.

2019 жылдың 27 тамызында жыл сайынғы жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында №2 Ақтау қалалық емханасы кәсіподақ комитеті балалары 1 сыныпқа баратын 26 емхана қызметкерлеріне ақшалай көмек берді.

2019 жылғы 22 тамыз күні 15 шағынауданы «Амфитеатр» алаңында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша кең көлемді шара өтті.

15.08.2019ж. №2 Ақтау қалалық емхана дәрігерлері мен «Маңғыстау облысы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медицина мекемесі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 31 ақшам ауданы «Сары базар» орталығында медициналық шара өткізілді.

24.07.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасында Дүниежүзілік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған «Гепатит, ТОҚТА!» акциясы шеңберінде Ашық есік күні өтті. Іс- шара барысында №2 Ақтау қалалық емхана қызметкерлері науқастардың қан қысымын өлшеп, сұрақтарына кеңес берді және баспа материалдары таратылды.

№2 Ақтау қалалық емхана дәрігерлері мен "Маңғыстау облысы салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығы" медициналық мекемесі, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында, 31 ықшам ауданы "Сары базар"орталығында медициналық шара өткізілді.