Жаңалықтар

Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдайтын жүргізушілерді бақылау мақсатында Маңғыстау көлік прокуратурасымен 2018 жылғы 1 ақпанда рейд ұйымдастырылды. Жұмыс топ құрамында №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Д.М.Булекбаева жүргізушілердің жалпы жағдайын және алкогольдік ішімдік ішкен ішпегендіктерін тексерді.

Бүгін, 29 қаңтарда №2 Ақтау қалалық емханасының конференц-залында мекеме медицина қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған " Медицина мен сыбайлас жемқорлық үйлесімсіз" атты семинар ұйымдастырылды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2018 жылғы 29 қантар күні №2 Ақтау қалалық емханасында " Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі - Жолдаудың басым бағыты" атты бірыңғай сағат өтті. Емхана директорының ұйымдастыру - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.К.Жакешева және директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Нурллина емделушілермен сұхбаттасты. Өз кезеңінде емделушілер қоғамдағы дертке байланысты ойларымен, пікірлерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды.

2018 жылдың 27 қантарында №2 Ақтау қалалық емханасында жатыр мойны қатерлі ісігін ерте кезеңінде анықтауға арналған Ашық есік күні өткізілді.

2018 жылдың 19 қантар күні №2 Ақтау қалалык емханасының жасөспірім бойынша дәрігері К.И. Ахметова №16 орта мектепте " Жастар арасында ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында сабақ өткізілді.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбына, №23 орта мектепте 10-11 сынып оқушылардың арасында, №2 АҚЕ-ның жалпы тәжіриебелі дәрігер Б.К.Есбергенова СӨСҚПО мен бірлесіп, дәріс сабақ өткізілді