Жаңалықтар

Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-министрінің орынбасары Б.М.Сапарбаев 2019 жылғы 11 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының тыныс-тіршілімен танысты.

2019 жылдың 1 қазан -1 қараша аралығында облысымызда «Ескерту. Қорғау. Егу!» ұранымен ЖРВИ, тұмау және пневмококк инфекциясының алдын алуға  бағытталған айлық өткізілуде.

2019 жылғы 1 қазан күні №2 Ақтау қалалық емханасының әкімшілігі көп жылдар емханада қызмет істеп зейнеткерлікке шыққан қызметкердің үйлеріне барып, Дүниежүзілік қарттар күнімен құттықтады. Оларға зор денсаулық тілеп, ақшалай сыйлық табыстады.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылғы 25 қыркүйек күні 15 шағын аудандағы «Халыққа қызмет көрсету орталығында» кең көлемді шара өтті.

Салауатты өмір салтын ұстануды, дұрыс тамақтануды, спортпен айналысуды насихаттау мақсатында 2019 жылдың 14 қыркүйек күні Ақтау қаласында «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі» өтті.

2019 жылдың 14 қыркүйек күні №2 Ақтау қалалық емханасында қатерлі ісік ауруларының алдын алу бойынша Ашық есік күні өтті.

Ұлттық жанұя күніне орайластырылған «Дені сау жанұя — дені сау мемлекет» Ұлттық бағдарлама шеңберінде №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Н.Н.Райымбердиева №16 орта мектебінің 4 сынып оқушылары арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында дәріс өткізді.