Жаңалықтар

1 Мамыр елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтеді. Бүл мейрам бір шаңырақ астында достық, бейбітшілік пен келісімде тұрып жатқан көп ұлтты халқымыздың мейрамы.

2018 жылдың 28 сәуірінде №2 Ақтау қалалық емханасының балалар бөлімшесінде "Вакциналар Сізді және айналаңыздағы адамдарды күрделі аурулардан қорғау үшін жұмыс жасайды" ұранымен Еуропалық апталық шеңберінде Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Ақтау қаласын абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру бойынша 28 сәуір күні №2 Ақтау қалалык емханасының аумағында сенбілік өтті.

2018 жылдың  26 сәуір күні "Арман" жастар орталығында студенттер мен қала медицина ұйымдарының қатысуымен Деңсаулық күніне арналған кең көлемді акция өтті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің өкілдері Қозбағаров А., Машырықұлы Ж. 2018 жылғы 24 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасындағы цифрландыруды енгізу жұмыстарының барысын тексерді.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында №2 Ақтау қалалық емханасында мемлекеттік қызметтер электронды форматта көрсетіле бастады, соның ішінде электронды медициналық сервистерінің Damu Med мобилді қосымшасы қарқынды енгізілуде.

 Бүгін, 21 сәуір күні емхана қызметкерлері әдеттегідей сенбілікке шықты. Әр бөлімше өздеріне қарасты телімдерде белсенді жұмыс жасады.