Жаңалықтар

2018 жылғы 9-13 шілде аралығында №2 Ақтау қалалық емханасы базасында қала медицина ұйымдарының педиатр-дәрігерлерінің қатысуымен "Патронаждық қызметтің универсалды-прогрессивті моделі. Баланың ерте дамуы" тақырыбындағы 5 күндік семинар-тренинг өтуде. Семинар-тренингтің мақсаты- ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің дайындаған бағдарламасы бойынша учаскелік педиатр-дәрігерлеріне патронаж қызметкерлерінің жаңа рөлі мен жаңа міндеттерін түсіндіру. Апталық оқуды ДДҰ мен ЮНИСЕФ өкілі Б.Н.Бабаева өткізуде.

Халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында емхананың тіркеу орны жүйесіне Call-Box бағдарламасы енгізілуде. Осыған байланысты, 4 шілде күні "Profit Group KZ" ЖШС менеджерлері Очий Павел және Әбілқайырұлы Руслан №2 Ақтау қалалық емханасының тіркеу орны операторларын оқытты.

"Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы аясында №2 Ақтау қалалық емханасында мемлекеттік қызметтер электронды форматта

2018 жылдың 24 маусым күні Ақтауда Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай велошеру өтті. Спорттық шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов және қала тұрғындары 

2018 жылғы 19 маусым күні "Нұр Отан" партиясының бір топ мүшелері №2 Ақтау қалалық емханасында болып, медицина қызметкерлерінің және қала тұрғындарының медициналық қызмет сапасына қатысты ой-пікірлері мен ұсыныстарын тындады.

№2 Ақтау қалалық емханасында халық арасында электронды медициналық сервистерінің Damu Med мобильді қосымшасы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруда.

15 маусым күні Абай атындағы мәдениет сарайында медицина қызметкері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға Маңғыстау облысы әкімі Е.Тоғжанов қатысып, денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқан медицина қызметкерлерін, соның ішінде №2 Ақтау қалалық емханасының №4 жалпы тәжиребі дәрігерлері бөлімшесі меңгерушісі И.Б.Кожакованы "Еңбек ардагері" медалімен, кардиолог дәрігері Г.Г.Нуркабаеваны "Денсаулық сақтау саласының үздігі" төс белгісімен, балалар эндокринологі С.Б.Уразалинаны "Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін" төс белгісімен марапаттады.