Жаңалықтар

16.03.2019ж. 32 шағын ауданда орналасқан жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға ҚР деңсаулық сақтау министрі Е.А.Биртанов қатысып, емдеу мекеменің жұмысымен танысты және ұжымға алдағы еңбектеріне табыс тіледі.

13.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының психологі М.А.Шамшиева 10 сынып оқушылары арасында "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.

12.03.2019ж. туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжирібе дәрігері Ержан Әйгерім Ержанқызы №20 орта мектептің 10-шы сынып оқушыларымен кездесіп, туберкулездің алдын алу бойынша лекция өткізді.

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде 12.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.

Бүгін №2 Ақтау қалалық емхана директоры Төлегенов Бектібай Жаңабергенұлы бастаған ұжымның ер азаматтары қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба аясында, 4.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының еңбек ұжымында "ҚР халқының құқықтық сауаттылығын арттыру" тақырыбында құқық сағаты өтті. Түсіндірме жұмысты "Dostupnoe Pravo" қауымдастығының өңірлік менеджері Тымбаев А.Б. және заңгерлері Тажибаева А.Т., Жуманов Х. жүргізіп, қатысушыларға құқықтарын түсіндірді және қойылған сұрақтарға толық мәлімет берді.

2019 жылғы 1 наурыз күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Емхананың невропатолог, отоларинголог, хирург, окулист, аудит, уролог, терапевт және психолог маманы тұрғындарға тегін кеңес берді. Сонымен бірге тұрғындардың бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы өлшенді.