Новости Kz
2019 жылғы 9 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасында "Иммундық профилактика" тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті. Семинарды Маңғыстыу облысының штаттан тыс эпидемиологі М.Ж.Қадір жүргізді.
8.04.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Т.У.Нуртазаева №14 орта мектептің жоғары сынып оқушылары арасында "Мектеп оқушыларының - дұрыс тамақтануы" жөнінде дәріс өткізді.
2019 жылдың 8 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Ж.Д.Смайлова №10 орта мектептің 2"Б" сынып оқушылары арасында "Дұрыс тамақтану" тақырыбында сабақ өткізді.
2019 жылғы 5 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері У.Ш.Бекмухамедова IT - мектеп лицейдің оқушылары арасында "Жарақаттың алдын алу" бойынша лекция өткізді.
5.04.2019ж. емханада мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы бойынша Ашық есік күні өтті.
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні. Бұл күнді әлемнің барлық елдері атап өтеді. Атаулы күнге орай 2019 жылғы 5 сәуір күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
№2 Ақтау қалалық емханасының "Нұр Отан" партиясы мүшелері әлеуметтік қайырымдылық акция шеңберінде 1 топ мүгедегі А.Ибадуллаевтың үйіне барып, денсаулығының жағдайын тексерді. Онда электрокардиограмма, қан талдаулары жасалып, медициналық кеңес берілді, сонымен бірге А.Ибадуллаевқа ақшалай көмек берілді.
2019 жылғы 20 наурызда №2 Ақтау қалалық емханасында Наурыз мейрамы арналған салтанатты жиналыс өтті.
16.03.2019ж. 32 шағын ауданда орналасқан жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға ҚР деңсаулық сақтау министрі Е.А.Биртанов қатысып, емдеу мекеменің жұмысымен танысты және ұжымға алдағы еңбектеріне табыс тіледі.
13.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының психологі М.А.Шамшиева 10 сынып оқушылары арасында "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында дөнгелек үстел өткізді.
12.03.2019ж. туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжирібе дәрігері Ержан Әйгерім Ержанқызы №20 орта мектептің 10 - шы сынып оқушыларымен кездесіп, туберкулездің алдын алу бойынша лекция өткізді.
Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу бойынша айлық шеңберінде 12.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті.
Бүгін №2 Ақтау қалалық емхана директоры Төлегенов Бектібай Жаңабергенұлы бастаған ұжымның ер азаматтары қыз - келіншектерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған әлеуметтік жоба аясында, 4.03.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының еңбек ұжымында "ҚР халқының құқықтық сауаттылығын арттыру" тақырыбында құқық сағаты өтті. Түсіндірме жұмысты "Dostupnoe Pravo" қауымдастығының өңірлік менеджері Тымбаев А.Б. және заңгерлері Тажибаева А.Т., Жуманов Х. жүргізіп, қатысушыларға құқықтарын түсіндірді және қойылған сұрақтарға толық мәлімет берді.
2019 жылғы 1 наурыз күні №2 Ақтау қалалық емханасында Ашық есік күні өтті. Емхананың невропатолог, отоларинголог, хирург, окулист, аудит, уролог, терапевт және психолог маманы тұрғындарға тегін кеңес берді. Сонымен бірге тұрғындардың бойы мен салмағы, артериалды қан қысымы өлшенді.
28.02.2019ж.№2 Ақтау қалалық емханасында облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасалары Кадралиев И.М. пен Манкешова З.Ж. жалпы тәжірибе дәрігерлеріне арналған конференция өткізді.
27.02.2019ж. №2 Ақтау қалалық емханасының психолгтары М.А.Шамшиева және Г.К.Туребаева емхана қызметкерлері арасында "Медицина қызметкерінің этикасы мен деонтологиясы" тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 2019 жылғы 12 ақпан күні №2 Ақтау қалалық емханасының жасөспірімдер дәрігері К.И.Ахметова "Болашақ" колледжі студенттер үшін "Ерте жүктілік және оның салдары" тақырыбы бойынша лекциялық сабақ өткізді.
Қазіргі заманғы қоғамның маңызды мәселесінің бірі болып - жоспарлы алдын алу екпелерден бас тарту танылады. Осыған орай 2019 жылғы 8 ақпанда №2 Ақтау қалалық емханасы директорының орынбасары Ж.К.Шаңытбаева облыстық Бекет ата мешіті бас имамның ұйымдастырылуымен "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысып, жоспарлы алдын алу екпелерден бас тарту жөнінде өз пікірімен бөлісті.
Қатерлі ісік ауруларының алдын алу онкүндігі аясында, 2019 жылғы 8 ақпан күні №2 Ақтау қалалық емханасының жалпы тәжірибе дәрігері М.С.Челеев №10 орта мектеп оқушылары арасында, жалпы тәжірибе дәрігері Р.М.Мендикулова №14 орта мектеп оқушылары арасында "Өкпе обыры" тақырыбында лекциялық сабақ өткізді.